• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
20 Маусым, 2015

Күн тәртібі нақтыланды

256 рет
көрсетілді

Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс бюросы өтіп, онда жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Халық қалаулылары назарына зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты толықтырулар мен «Атом энергиясын пайдалану туралы» заң жобасын ілеспелі түзетулерімен бірінші оқылымда қарау және дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша түзетулерге байланысты заң жобасын талқылау ұсынылды. Сондай-ақ, осы күні мәжілісмендер бірқатар рат­и­фи­кациялық құжаттарды қарас­ты­рады. Олар: Литвамен, Ресеймен реадмиссия туралы үкіметаралық келісімді және Ресеймен реадмиссия туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасын, сонымен қатар, Қазақстан мен Жапония арасындағы Ин­вес­тицияларды көтермелеу және қорғау туралы келісімді ра­ти­фи­ка­циялауға қатысты бол­мақ. Депутаттар Иран Ислам Рес­пуб­ликасымен жолаушылар мен жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдары туралы үкіметаралық келісімді, Қыл­мыстық істер бойынша өзара көмек туралы америкааралық кон­венцияны,  2003 жылғы 25 жел­тоқсандағы Қазақстан мен Қыр­ғызстан Үкіметтері арасын­дағы халықаралық автомобиль қаты­насы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындайды. Сонымен бірге, екінші дең­гей­дегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметі мәселелері бойынша түзетулерді жұмысқа қабылдайды. Сондай-ақ, ілеспелі түзетулерімен қайырымдылық, демеушілік және меценаттық қызмет туралы заң жобалары бойынша жұмысты жалғастыру қаралған.