АСТАНА. 20 маусым. Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты екі ел арасындағы достық қарым-қатынастың және стратегиялық ынтымақтастықтың дамуына қосқан қомақты үлесі үшін «Халықтар достығы» орденімен марапаттады. Бұл туралы Беларусь президентінің ресми порталына сілтеме жасаған «ҚазАқпарат» хабарлады.
Лукашенко сәйкес Жарлыққа 19 маусым күні қол қойды.
«Халықтар достығы» ордені Беларусьтің жоғары мемлекеттік наградаларының бірі. Бұл орденмен бейбітшіліктің нығаюына, елдер арасындағы достық қарым-қатынастың және стратегиялық ынтымақтастықтың дамуына, халықтар достығы мен ұлттық мәдениеттердің үйлесім табуына үлес қосқан азаматтар марапатталады.
Еламан Қоңыр.
Дерек: «ҚазАқпарат».
Сурет: wikipedia.org.