• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
13 Ақпан, 2015

Қол жеткізер мақсатымыз жоғары

276 рет
көрсетілді

Елбасымыздың Қазақстанның «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты айқындалған халыққа Жолдауы бүкіл халқымыз тарапынан қолдау тауып, талқыланып жатыр. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы осы Жолдауда негізгі-негізгі деп үлкен бес бағытты атап өтті. Бірінші – ша­ғын және орта бизнес, екінші – банк секторын сауықтыру, үшінші – жаңа инвестициялар тарту, төртінші – ЭКСПО- 2017 кешені құрылысы, бе­сінші – Астананың көліктік ин­фра­­құ­рылымын дамыту. Жолдау жол­дарынан көріп отырғанымыздай, бес бағыттың алғашқысы болып шағын және орта бизнес аталып отыр. Ол бекер емес. «Өткен жылы, – деді Елбасы – 4,5 мың жұмыс орны ашылды. Бөлінген 100 миллиард теңге толықтай игерілді. Бизнесті 10 жылға бар-жоғы 6 пайызбен несиелеудің шарты жасалды». Біздің ауыл округінде де шағын және орта бизнеске көңіл аударып, жаңа жұмыс орнын ашушылардың қарасының көбейіп отырғандығы қуантады. Және олар тек бір бағытта ғана емес, әр саланы қамтып отыр. Елімізде туризмді дамыту жөнін­де ауқымды жобалардың жүріп жат­қаны белгілі. Оған біздің ауылдың да адамдары өз үлестерін қоспақ. Ала­көлдің жағасынан келушілерге қыз­мет көрсету үшін төрт адам шағын несие алды, енді көктемнен бастап осы жұмысты бастамақ. Үш адам бал арасы шаруашылығын өрістетуге бел байлап отыр. Ірі қара, ұсақ мал өсіру үшін де несие алғандар аз емес. Тігін цехын, кірпіш зауытын ашқандар да бар. Жолаушы тасымалдаумен айналысатындар табылды. Ауылымызда кез келген өлшемде, көп мөлшерде пластик есік-терезе шығарушы да пайда болды. Жиһаз жа­сау­шылардың цехтары бұрын да бар бо­латын. Қазір соның қатарына Ерлан Бай­ботанов та қосылды. Орта және шағын биз­несті қолдау қажеттігі Елбасының бұ­дан бұрынғы жолдауларында айтылса, биыл­ғы Жолдауында да көрініс тауып отыр. Бизнес жұмыс істеп өмірге жол тарт­­са, ол – жаңа жұмыс орнының ашылуы. Бюджет қоржынына қосымша са­­лық түсіруге көмек. Жұмысы бар адам­ның ешнәрсеге жалтақтамайтыны да шындық. Қазірден бастап қолға алынып жат­қан істер қауырт іске асып, нәтижесін көруге де мүмкіндік туа­ды. Жолдауда шағын және орта биз­несті қолдау үшін 100 миллиард теңге бөлінеді деп атап көрсетілді. Ендеше, биылғы жылы да «Жұмыс­пен қамту-2020» бағдарла­ма­сы мен жол картасы ауылдағы өзінің бизнесін ашамын деген адамдарға жақсы жағдай туғызатыны күмәнсіз. Советқан ҚАЛИЕВ, Мақаншы ауыл округінің әкімі. Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы.