• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Маусым, 2015

Жамбыл облысында дәрігерлерге 11 санитарлық көлік берілді (фото)

354 рет
көрсетілді

ТАРАЗ. 20 маусым. Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев жергілікті бюджет есебінен алынған 11 санитарлық көліктің кілттерін емдеу мекемелерінің басшыларына табыс етті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Атап айтар болсақ, Байзақ, Тұрар Рысқұлов, Талас, Қордай аудандық орталық ауруханалары мен Тараз қаласындағы бірнеше емдеу мекемелері жаңа техникаға ие болды. Бүгінде Жамбыл облысы халқының денсаулығы үшін 42 аурухана, соның ішінде 10 орталық аудандық аурухана және 7 ауылдық аурухана, сондай-ақ, 377 амбулаториялық-емхана қызмет етеді. Елімізде денсаулық сақтау саласын дамыту, тұрғындарға заманауи, қолжетімді әрі сапалы медициналық қызмет көрсетуде барлық жағдай жасалуда. «Сондықтан бүгінгі күні денсаулық сақтау саласындағы ең басымды бағыттардың бірі – ана мен баланың денсаулығын қорғау болып табылады, – дейді Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Масалимов – 2015 жылдың 4 айының нәтижесінде аналар өлімінің көрсеткіші – 47,5 пайызға төмендеді. Қазір облыс халқына медициналық көмекті 2 751 дәрігер және 9 834 орта буын қызметкерлері көрсетуде. Сондай-ақ, жылдан жылға жас мамандар саны да өсіп келеді. Өткен жылы облысқа 121 жас маман келсе, оның 73,6 пайызы ауылдық жерлерге жұмысқа орналастырылды». Сонымен қатар, өңірде республикалық және жергілікті бюджет есебінен 2010-2014 жылдар аралығында 74 денсаулық сақтау нысанының құрылысы іске асырылды. Оралхан Дәуіт. Дерек: egemen.kz. Сурет: Виктор Барбаш.