• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
20 Маусым, 2015

Оралда елді елең еткізген ұрлық болды (фото)

322 рет
көрсетілді

ОРАЛ. 20 маусым. Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласында елді елең еткізген ұрлық болды. Нақты айтсақ, облыстық ішкі істер департаменті әкімшілік полиция басқармасының ғимаратында «Сбербанк»-тің терминалынан ақша ұрланды. Аталған терминал жергілікті жүргізушілердің айыппұл төлеуі үшін орнатылған. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Оқиға 18 маусымнан 19-ына қараған түнде болған. Ұрылар терминалды сындыру арқылы ішіндегі ақшаны қолды еткен. Полиция қызметкерінің айтуынша, ұрлық туралы таңертең жұмысқа келген кезде белгілі болған. Аталған басқарма қызметкерлері жұмысқа келген кезде терминалдың бет жағы сынғанын байқаған екен. Назар аударар жайт, аппарат тұрған бөлмеге түнгі мезгілде кіру мүлдем мүмкін емес. Себебі, сыртқы есік металл есікпен және тормен жабылады. Тіпті терезелеріне де дәл сондай металл торлар орнатылған. Одан бөлек, бөлмеге басқарманың бас ғимараты арқылы кіруге болады. Алайда, ол жақта да металл есік тұр. Әзірге бұл ұрлық туралы облыстық ішкі істер департаменті нақты түсініктеме берген жоқ. Темір Құсайын. Дерек: egemen.kz. Сурет: uralskweek.kz.