• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
13 Ақпан, 2015

Телефон арқылы сөйлесті

155 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. А.Лукашенко Ресей, Украина, Франция Президенттерінің және Германия Канцлерінің Минскіде «норманд пішімінде» өткізген келіссөздерінің қорытындылары туралы айтты. Қазақстан Президенті өзін хабар­дар еткені үшін алғыс білдір­ді және кездесудің жақсы ұйым­дас­тырылуымен, сондай-ақ, келіс­сөз­дердің табысты аяқталуымен құттықтады. Мемлекет басшылары бар­лық тараптың бейбіт үдерісті қам­­та­масыз етуге жұмсаған күш-жігері Украинадағы дағдарысты рет­теуге септігін тигізеді деп үміт­тенетіндерін білдірді. Президенттер таяу арада біз­дің елімізде Қазақстан, Беларусь және Ресей мемлекеттері басшы­ларының кездесуін өткізу туралы уағдаласты. Телефон арқылы сөйлесуге Беларусь жағы бастамашы болды.