• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Ақпан, 2015

Қостанай облысында болған өрттен бір адам қаза тапты

229 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 13 ақпан. Қарабалық ауданының орталығындағы өрт шыққан үйден екі адам зардап шегіп, біреуі қаза тапты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Өртенген үйде болған бір ер кісі мен бір әйел қатты зардап шеккен. 1958 жылы туған әйел аудандық аурухананың жан сақтау бөліміне апарғанда қайтыс болған. Ал 1953 жылы туған ер кісі улы газға уланып қалған. Ол да аудандық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілді. Өрт аса үлкен көлемді алмаған, 4 шаршы метрге жеткен отты өрт сөндірушілер 40 минуттың ішінде сөндіріп алды. Қысқы аяздың беті қайтып, күн жылына бастағанда облыс өңірінде пештен шыққан өрттен, көмірден шығатын улы газға уланып қалу оқиғалары жиі тіркеледі. Соңғы аптаның өзінде осымен екінші рет ауылды жерде үй өртенді. Мамандар осындай қайғылы оқиғаның көпшілігіне отты дұрыс жақпайтын, пештің қауіпсіздігін ойламайтын, дұрыс пайдаланбайтын тұрғындардың өздері кінәлі екенін айтып отыр. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz.