АСТАНА. 13 ақпан. Ресей Мемлекеттік думасының Коммунистік партия фракциясы парламенттің қарауына Волгоград қаласын қайтадан «Сталинград» деп атау, сондай-ақ Иосиф Сталинге ескерткіш орнату туралы ұсынысы білдірді. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, парламентте бұл қаулы мақұлдана қалған жағдайда осыған байланысты тиісті үндеудің президент Владимир Путинге жолданатыны айтылған.
Қаулыда Волгоград қаласының атын өзгерту туралы мәселенің қала халқының референдумы арқылы дауысқа салынуы керектігі келтіріледі. Ал Сталинге ескерткішті «қаһарман қала - Мәскеудің орталық алаңдарының біріне» қоюды, сонымен қатар оны кеңес лидерінің атымен атауды ұсынады. Мұның бәрі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына байланысты жасалып отыр.
Мұрат Айтқожа.
Дерек, фото: РИА «Новости».