АСТАНА. 13 ақпан. Американың тегі қытайлық белгілі киноактері Джеки Чанның ұлы жұма, 13 ақпан күні күні алты айлық мерзімге жабылған түрмесінен бостандыққа шықты. Бұл туралы Қытайдың орталық телевидениесінің дерегіне сүйенген ТАСС хабарлады.
33 жастағы Джейси Чанның соты 2015 жылғы қаңтарда Бейжіңде өткен еді. Ол есірткі айналыммен заңсыз айналысқаны үшін соттың үкімімен жарты жылға түрмеге қамалды. Бұдан басқа, 2 мың юань (320 АҚШ доллары шамалас) көлемінде айыппұл төлеуге тиіс болды. Бірақ Джейсиді қолға түсіп, қамалған уақыты 2014 жылғы тамыз айы болғандықтан, ол биылғы ақпанда жазасы мерзімін толық өтеп бітірді.
Киноактердің ұлы сол жолы өзінің досы, Тайванның телевизиялық актері Кай Комен бірге ұсталған еді. Медициналық тексеру олардың марихуана шегіп алғандарын анықтады. Кейін құқық қорғау органдарының қызметкерлері кіші Чанның үйінен 100 грамға жуық есірткі тауып алды. Жергілікті заңға сәйкес екі досқа үш жылға дейін бас бостандығынан айрылу жазасы төніп тұрды.
Джейси Чан Лос-Анджелесте туған, би мен актерлік өнерді, сондай-ақ классикалық гитарамен ойнауды оқыған. 2004 жылы өзінің бірінші альбомын, алты жылдан кейін екіншісін шығарды. Ол бірнеше киноға да түсіп үлгерді, «Кунг-фу-панда» мультфильміндегі тырнаның даусын салды..
Мұрат Айтқожа.
Дерек, сурет: ТАСС.