• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Ақпан, 2015

Қазақстан, Ресей және Беларусь лидерлері енді Астанада бас қосады

271 рет
көрсетілді

АСТАНА. 13 ақпан. Қазақстан, Ресей және Беларусь Президенттері таяу күндерде енді Астанада кездеседі. Бұл туралы Ақорданың мәліметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Әңгіме Беларусь басшысы Александр Лукашенконың Қазақстан лидері Нұрсұлтан Назарбаевқа кеше телефон соққан кезінде көтерілді. Лукашенко өзінің сөзінде Ресей, Украина, Франция Президенттерінің және Германия Канцлерінің Минскіде «норманд форматында» өткізген келіссөздерінің қорытындылары туралы айтып берді. Қазақстан Президенті өзін хабардар еткені үшін оған алғыс білдірді және кездесудің жақсы ұйымдастырылуымен, сондай-ақ келіссөздердің табысты аяқталуымен құттықтау лебізін жеткізді. Мемлекеттер басшылары барлық тараптың бейбіт үдерісті қамтамасыз етуге жұмсаған күш-жігері Украинадағы дағдарысты реттеуге септігін тигізеді деп үміттенетіндерін білдірді. Президенттер таяу арада біздің елімізде Қазақстан, Беларусь және Ресей мемлекеттері басшыларының кездесуін өткізу туралы уағдаласты. Сәкен Майлыбай.