АСТАНА. 13 ақпан. Лондондағы Sotheby's аукционында «Лионель Месси және гүлдер кеңістігі» деп аталатын картина балға үстінен 317 мың фунт стерлингке ($483,2 мың) сатылып кетті. Бұл туралы аукцион үйінің баспасөз парақшасына үңілген РИА «Новости» хабарлады.
Картинаны жапон суретшісі Такаши Мураками салған екен. Бұған қоса, жапон суретшісінің дизайнымен шыққан, Мессидің қолтаңбасы қойылған футбол добы 45 мың фунтқа ($68,6 мың) сатылған.
«Барселона» лидері бейнелеген келесі портрет – британиялық суретші Лэмьен Херсттің қылқаламынан туған картина 557 мың фунтқа ($849 млн.) бағаланған. Екеуі де басында қойылған старттық бағаларынан көп асып кеткен.
Аукционда футбол тақырыбына арналған барлығы 18 зат жаңа иелерін тапқан. Олардың жалпы құны 2,663 млн. фунт стерлингті ($4,06 млн.) құраған.
Бұдан бұрын саудадан алынған қаражаттың Бангладеш, Индонезия және Непал елдеріндегі балалар спортын дамытуға жұмсалатыны айтылған.
Дамир Қожамқұл.
Дерек, сурет: РИА «Новости».