• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
04 Тамыз, 2015

Конференцияның күн тәртібі талқыланды

367 рет
көрсетілді

Римде (Италия) зорлық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық конференцияның аға лауазымды тұлғаларының үйлестіру кеңесі өтіп, оған 65 мемлекет пен 10 халықаралық ұйымның өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында аталған мәселеге қатысты жаһандық өңірлік конференциялардың қорытындылары мен алдағы қыркүйекте Нью-Йоркте мемлекеттер басшыларының қатысуымен өтетін саммиттің күн тәртібі талқыланды. Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Тимур Оразаев басқарды. Қазақстандық тарап іс-шара қатысушыларын биылғы 29-30 маусымда Астанада өткен Орталық және Оңтүстік Азия елдері бойынша өңірлік конференция туралы хабардар етті. Атап айтқанда, осы тектес қатерлердің өсіміне және олардың лаңкестік әрекеттерге ауысып кетуіне ықпал ететін жағдайларға жол бермеу­ге бағытталған үйлестірілген іс-қимылдар әзірлеу және экстремизмге қарсы нақты шаралар туралы әңгіме қозғалды. Делегаттар экстремизм мен лаңкестікті бір-біріне ұқсас құбылыстар ретінде қарастырған жөн дей келіп, қазіргі заманның осы басты жаһандық қауіп-қатерлеріне қарсы қимылдар үшін жауапкершілік әрбір мемлекеттің мойнында болуы керек деген пікір білдірді. Бұл қауіп-қатерлерге қарсы тұрудың бірлескен қимылдары, соның ішінде лаңкестік ұйымдардың және оларды демеушілердің бірыңғай тізбесі жасалуы қажет екені атап өтілді. Бұл үдеріске биылғы маусым айында Астанада жаһандық конфессияаралық және мәдениет­аралық үнқатысуды нығайту мақсатында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары V съезінің қосқан үлесі ерекше аталды. Қазақстандық дипломат саммит идеясын қолдап, осы саладағы экстремизм мен лаңкестікке қарсы ынтымақтастықты жалғастыруға еліміздің дайын екендігін білдірді.

«Егемен-ақпарат».