АСТАНА. 13 ақпан. Жұма күні Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың деңгейі барреліне (сәуір фьючерсі) 60,04 доллардан келді. Бұл туралы РБК хабарлады.
Мұның өзі мұнай бағамының кешегі күннен 0,71 долларға көтерілгенін көрсетеді. Осының алдындағы саудада ол 59,28 долларды көрсетіп еді. Соңғы кезде дәл мұндай баға өткен жылдың желтоқсан айында болған.
«Мұнай бағасы оны өндіру мөлшерінің түсе бастағанына байланысты көтеріліп отырә деп хабаррлады Bloomberg агенттігі.
Американың Apache Corp мұнай-газ компаниясы 12 ақпаннан бұрғыланып алынатын мұнай көлемін 70 пайызға дейін қысқартатынын, ал француздың Total SA компаниясы геологиялық барлау жұмыстарының шығыны мен көлемін қысқартуды жоспарлап отырғанын жария етті.
Халықаралық энергетикалық агенттіктің 9 ақпан күні жарияланған алдағы бес жылға жасалған болжамында қазіргі кезде мұнайдың ең төменгі нүктелерден алынып жатқаны, сондықтан жақында мұнай шикізатының бағасы қайтадан күрт қаулап қымбаттай бастайтыны атап көрсетілген. Алайда, баяндама авторларының пікірлерінше, сұраныстың өзі әлсіз болады – 2016 жылы мұнайдың орта бағасы барреліне 60 доллардың шамасынан аспайды.
Бұдан бұрын ОПЕК өзінің есебінде мұнайға 2015 жылғы сұраныстың жақсаратынын болжаған еді. Ұйымның ай сайынғы есебінде сұраныстың тәулігіне 1,17 баррельге өсіп тұратыны айтылған.
Мұрат Айтқожа.
Дерек, фото: РБК.