• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
13 Ақпан, 2015

Қазалыда «Мақсаты бір, рух бір – қазақ елі» атты шара өтті

307 рет
көрсетілді

АСТАНА. 13 ақпан. Қызылорда облысы Қазалы ауданы Көлік-техникалық колледжінде Ассамблеяның 20 жылдығына арналған «Мақсаты бір, рухы бір – қазақ елі!» атты өзге этнос өкілдерінің қатысуымен салтанатты шара өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Шара мақсаты – татулық пен тұрақтылықты сақтау және елдегі қоғамдық келісімді нығайту, патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Мерекелік кешке ауданы бойынша әр салада қызмет істейтін ұлт өкілдері қатысты. Шақырылған өзге этнос өкілдері өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, өз өмір тарихтары жөнінде қысқаша айтып өтті. Кешті білім ордасының ұйтқысын келтіріп отырған басшысы, аудандық мәслихат депутаты, Білім беру ісінің құрметті қызметкері Болат Ахметов өзінің көпшілікке деген жүрекжарды ақ тілегін білдіріп, кештің шымылдығын жапты. Жолдыбай Базар. Дерек, сурет: egemen.kz.