АСТАНА. 13 ақпан. Қызылорда облысы Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылында Мұқағали Мақатаевтың туған күніне 84 жыл толуына орай «Есіңе мені алғайсың» атты поэзия кеші өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Поэзия кешінің мақсаты – оқырмандарды ұлттық поэзиямыздың жұлдызы, қазақтың әйгілі ақыны Мұқағали Мақатаевтың шығармаларымен таныстыру.
Бұл поэзия кешінде оқырмандар ақынның «Шеше, сен бақыттысың», «Сәби болғым келеді», өлеңдерін нақышына келтіріп мәнерлеп оқып, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан көрініс көрсетілді.
Кеш соңында Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған әндер орындалып, ауылдың жас ақындарына ақынның кітаптары естелікке тартылды.
Округ әкімі Өміртай Өтеп-Әлі мен №24 орта мектеп директоры А.Садиров кешті ұйымдастырушыларға жылы лебіздерін білдірді.
Жолдыбай Базар.
Дерек, сурет: egemen.kz.