2015 жылғы 10 наурыз, Астана, Үкімет Үйі
Бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларды және Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексі 36-бабының 19-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидалар;
2) Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ.
Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің
2015 жылғы 10 наурыздағы №115 қаулысымен бекітілген
Бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін
айқындайтын қағидалар
1. Осы Бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексі 36-бабының 19-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысандарына қарамастан, бөгеттер қауіпсіздігі саласында міндетті декларациялауға жататын бөгеттерді пайдаланатын ұйымдарға (бұдан әрі – ұйымдар) қолданылады.
2.Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) бөгет – судың деңгейін көтеру және (немесе) су қоймасын жасау үшін ағын судағы тежеуіш гидротехникалық құрылыс;
2) бөгет класы – жобалаудың қолданыстағы нормаларымен регламенттелетін, гидротехникалық құрылыстың әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы мен жауапкершілігі дәрежесін айқындайтын және оның авариясы мен пайдалану бұзушылықтарының зардаптары ескеріле отырып тағайындалатын сапалық-сандық сипаттама;
3) гидродинамикалық авария – гидротехникалық құрылыстағы судың үлкен жылдамдықпен таралуымен байланысты және техногенді төтенше жағдайдың туындау қаупін тудыратын авария;
4) тегеурін шебі – тегеурінді (су қысымын) қабылдайтын сутежеуіш құрылыстардың жиынтығы.
3. Бөгеттер биіктігіне, іргетасындағы жер қабатының типіне, көлеміне, әлеуметтік-экономикалық жауапкершілігіне және ықтимал гидродинамикалық авариялар салдарына байланысты 4 класқа бөлінеді:
1) I класс – қауіптілігі аса жоғары бөгеттер;
2) II класс – қауіптілігі жоғары бөгеттер;
3) III класс – қауіптілігі орта бөгеттер;
4) IV класс – қауіптілігі төмен бөгеттер.
4. Бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызудың негізгі критерийі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес айқындалатын олардың класы болып табылады.
5. Меншік нысандарына қарамастан I, II, III класты бөгеттер декларациялануға жатады.
6. Жобалау ұйымының қорытындысына сәйкес төтенше жағдайлар кезінде жоғары қауіптілік туындататын IV класты бөгеттер де декларациялануға жатады.
7. Бөгеттер класын жобалау құжаттамасын дайындау кезінде жобалау ұйымы белгілейді және ол бөгет параметрлерінің және (немесе) оларды пайдалану шарттарының негізделген өзгерістері болған жағдайда, құрылыс, күрделі жөндеу, пайдалануға беру, пайдалану, реконструкциялау, қалпына келтіру және консервациялау сатыларында өзгертілуі мүмкін.
8. Бөгеттің тегеурін шебінің құрамына кіретін негізгі құрылыстардың класы одан жоғары класқа жатқызылған құрылыс бойынша белгіленуі тиіс.
9. Бөгет класын айқындайтын шарттар өзгерген жағдайда, ол міндетті түрде декларацияда көрсетіле отырып, өзгертілген шарттарға сәйкес келтірілуі тиіс.
Бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларға қосымша
Биіктігіне, іргетасындағы жер қабатының типіне байланысты бөгеттер кластары
Құрылыстар Жер қабатының типі Құрылыстардың класы бойынша биіктігі, м
I II III IV
1. Жер қабаты материалдарынан жасалған бөгеттер А 80-нен астам 50-ден 80-ге дейін 20-дан 50-ге дейін 20-дан кем
Б 65-тен астам 35-тен 65-ке дейін 15-тен 35-ке дейін 15-тен кем
В 50-нен астам 25-тен 50-ге дейін 15-тен 25-ке дейін 15-тен кем
2. Бетон, темірбетон бөгеттер А 100-ден астам 60-тан 100-ге дейін 25-тен 60-қа дейін 25-тен кем
Б 50-ден астам 25-тен 50-ге дейін 1-нан 25-ке дейін 10-нан кем
В 25-тен астам 20-дан 25-ке дейін 10-нан 20-ғе дейін 10-нан кем
Ескертпелер.
Жер қабаттары: А – тасты; Б – құмайт, қатты және жартылай қатты күйдегі ірі сынықты және балшықты; В – пластикалық күйдегі су сіңірген балшықты.
Әлеуметтік-экономикалық жауапкершілігіне және пайдалану шарттарына байланысты бөгеттер кластары
Гидротехникалық құрылыс объектілері Құрылыстар класы
сооружений
1. Су қоймасының көлемі мынадай болған кезде гидротораптардың тежеуіш құрылыстары, млн. м3:
1000-нан астам
I
200-ден 1000-ға дейін II
50-ден 200-ге дейін III
50 және одан кем IV
2. Бөгетке бекітіп берілген суару алаңы, мың га:
300-ден астам I
100-ден 300-ге дейін II
50-ден 100-ге дейін III
50 және одан кем IV
3. Су берудің жылдық жиынтық көлемі мынадай болған кезде жасалған бөгеттің су қоймасынан су тартуды жүзеге асыратын су тарту құрылыстары, млн. м3:
200-ден астам I
100-ден 200-ге дейін II
20-дан 100-ге дейін III
20-дан кем IV
Ықтимал гидродинамикалық авариялар салдарына байланысты бөгеттер кластары
Гидротехникалық құрылыстар кластары Гидротехникалық құрылыстардың авариясынан зардап шегуі мүмкін тұрғылықты адамдар саны, адам Гидротех-никалық құрылыстардың авариясы кезінде тыныс-тіршілік жағдайлары бұзылуы мүмкін адамдар саны, адам
Гидротехни-калық құрылыстардың иесі шегетін залалды есепке алмағанда, ықтимал материалдық залал мөлшері, млн. ЕТЖ Гидротехникалық құрылыстардың авариясы нәтижесінде туындаған төтенше жағдайдың таралу аумағының сипаттамасы
I 3000-нан астам 20 000-нан астам 50-ден астам Қазақстан Республикасының екі және одан көп облысының шегінде
II 500-ден 3000-ға дейін 2000-нан 20000-ға дейін 10-нан 50-ге дейін Қазақстан Республикасының бір облысы аумағының шегінде (екі және одан көп аудан)
III 500-ге дейін до 2000-ға дейін 1-ден 10-ға дейін Бір аудан аумағының шегінде
IV 1-ден кем Бір аудан аумағының шегінде
Ескертпе. Гидротехникалық құрылыстар авариясынан болатын ықтимал залал жобаны әзірлеу кезінде айқындалады.
ЕТЖ – Жобаны әзірлеу кезінде қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша ең төменгі жалақы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2015 жылғы 10 наурыздағы №115 қаулысымен бекітілген
Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзiрлеу қағидалары
1. Осы Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзiрлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексі 36-бабының 19-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және бөгеттерді пайдаланатын барлық меншік нысанындағы ұйымдарға (бұдан әрі – ұйымдар) қолданылады, әрі бөгеттердің қауіпсіздігі декларациясын (бұдан әрі – декларация) әзірлеуге бағытталған.
2. Декларация су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бөгеттер қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттаған ұйымда өтінім беруші ұйымның қаражаты есебінен сараптамадан өтуі тиіс.
Бөгеттердің қауіпсіздігі саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестатталған ұйымдардың тізбесі (бұдан әрі – аттестатталған ұйым) уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
3. Тіркеу шифрін беру үшін декларация уәкілетті органда тіркелуі тиіс.
Уәкілетті органның декларацияны тіркеу мерзімі құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды.
4. Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеуді бөгетті пайдаланатын ұйым дербес не оның қаражаты есебінен аттестатталған бөгде ұйым жүзеге асырады.
5. Декларацияны аттестатталған ұйым әзірлеген жағдайда, сараптамалық қорытындыны басқа аттестатталған ұйым береді.
6. Декларация мыналарды қамтиды:
1) мұқаба парақ;
2) бөгет және ол орналасқан ауданның табиғи жағдайлары, жобада, пайдалану қағидаларында және уәкілетті мемлекеттік органдардың нұсқамаларында көзделген қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы деректерді (мысалы, бөгетте орнатылған жүк көтергіш механизмдерді, өрт сигнализациясын пайдалану мәселелері бойынша) қамтитын жалпы ақпарат, пайдаланушы ұйым туралы негізгі мәліметтер;
3) декларацияға қосымша ретінде – жалпы сызбалар жиынтығы бар бөгет паспорты: су қоймасының жоспары, гидротораптың бас жоспары, тегеурін шебінің құрылыстары, қоршау және қорғау дамбалары бойынша жоспарлар мен бөліністер, су басу аймақтары, қоршаған ортаға зиянды әсер ету аймақтарының шекаралары есеп-қисаптарының нәтижелері бар ахуалдық жоспар;
4) құрылыс және пайдалану кезеңдерінде бөгет арқылы белгіленген көлемдегі тасқын суларды жіберу жөніндегі техникалық шешімдердің негіздемесі;
5) қауіптің ықтимал көздерін айқындауды және мақсатына, күрделілік класына, конструкция ерекшеліктеріне, пайдалану шарттарына және қауіпсіздікке қойылатын арнайы талаптарға байланысты бөгеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ерекшеліктерін ескере отырып, төтенше жағдайларға жол бермеуге және (немесе) салдарын азайтуға дайындығын қоса алғанда, бөгеттің қауіпсіздігін талдау және бағалау;
6) беріктікке, тұрақтылыққа, су өткізбеушілікке және ұзақ мерзімділікке арналған есеп-қисап негізінде бөгет қауіпсіздігі көрсеткіштерінің белгіленген жол берілетін мәндері;
7) бөгетті тегеурінге қою кезеңіндегі заттай байқау деректері;
8) жекелеген конструкциялық элементтер мен тұтастай алғанда, құрылыс қауіпсіздігіне арналған қауіпсіздік критерийлерін айқындай отырып, құрылыстардың техникалық жай-күйін заттай байқау нәтижелері, сондай-ақ қауіпсіздіктің шекті жол берілетін көрсеткіштерін нақтылау бойынша ұсыныстар;
9) бөгетте болған авариялар және оларды жою жөніндегі шаралар туралы деректер;
10) объектілерді күзету жүйесі және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы деректер;
11) пайдаланушы ұйымның бөгеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі жөніндегі іс-шаралар жоспары;
12) бөгеттегі ықтимал және туындаған авариялық жағдайлар туралы халықты, уәкілетті органды, азаматтық қорғау саласындағы органдарды, жергілікті атқарушы органдарды хабардар ету;
13) декларанттың жекелеген тораптар мен тұтастай алғанда, бөгеттің қауіпсіздігі деңгейін, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қажетті іс-шаралар тізбесінің жеткіліктілігін бағалауы;
14) қолданыстағы заңнамаға сәйкес құрылысы аяқталған немесе реконструкцияланған, күрделі жөндеуден өткен, қалпына келтірілген бөгетті пайдалануға қабылдау актісі.
7. Бөгетті пайдаланатын ұйымның басшысы (жобаға тапсырыс беруші) әзірленген декларацияның аттестатталған ұйымда бөгеттің қауіпсіздігі сараптамасының жүргізілуін қамтамасыз етеді.
8. Оң сараптамалық қорытынды алынған жағдайда, декларация бөгетті пайдаланатын ұйымның басшысына (жобаға тапсырыс берушіге) бекітуге енгізіледі.
9. Теріс сараптамалық қорытынды алынған жағдайда, ескертулерді жою үшін ұйымға қайтарылады және қайталама сараптамаға ұсынылады.
10. Бөгетті реконструкциялау, күрделі жөндеу, қалпына келтіру және (немесе) консервациялау жағдайларын қоса алғанда, бөгеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін шарттар (бөгет ішінде және одан тыс жерде) өзгертілген жағдайда, декларация өзгертілуі тиіс.
Декларацияға өзгерістер енгізілген жағдайда, ол өзгерістер енгізілгеннен кейін үш айдан кешіктірілмейтін мерзімде қайта сарапталып, тіркелуі тиіс.
11. Декларация кемінде бес жылда бір рет әзірленеді, сондай-ақ мерзіміне қарамастан мынадай жағдайларда:
1) құрылыстың беріктігі деңгейінің төмендеу қаупі туындаған, төтенше жағдайлардың алдын алу шарттары нашарлаған кезде;
2) бөгеттерді реконструкциялаудан, күрделі жөндеуден, қалпына келтіруден және (немесе) консервациялаудан кейін – тиісті құрылыс-монтаждау жұмыстарын қабылдағанға дейін;
3) объектіні пайдалануға беру алдында;
4) пайдаланудың алғашқы екі жылынан кейін;
5) гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілер, қағидалар мен нормалар өзгерген кезде;
6) авариялы жағдайлардан кейін;
7) пайдаланудан шығарылған кезде;
8) бөгеттің класын айқындайтын шарттар өзгерген кезде түзетілуі тиіс.
12. Салынып жатқан бөгеттерге арналған қауіпсіздік декларациясы құрылысты уақытша және (немесе) тұрақты пайдалануға берудің белгіленген мерзіміне дейін әзірленеді.
13. Декларация мемлекеттік тілде және орыс тілдерінде екі данада қағаз және электрондық тасығыштарда әзірленіп, ресiмделедi және оны ұйымның бірінші басшысы бекітеді.
14. Уәкілетті органда тіркеу үшін декларация жоба құрамында және (немесе) жеке құжатпен ұсынылады.
15.Бөгеттердің және декларацияны тіркеген ұйымдардың тізбесі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.