Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Президенттер әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен келешегін, сондай-ақ, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.
Сонымен қатар, Петр Порошенко Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына өтуімен құттықтады.
Телефон арқылы сөйлесуге украиналық тарап бастамашылық етті.