• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Ақпан, 2015

Кездесулерде елдік мәселелер қозғалды

288 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова бірқатар театрлардың шығар­машылық ұжымдарымен және Алматы қаласындағы әйелдер қауымы өкілдерімен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Г.Әбдіқалықованың жұмыс сапары барысында өткен кездесуге Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры, республикалық неміс драма театры, Қ.Қожамияров атындағы мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театры және мемлекеттік республикалық корей музы­калық комедия театрының шы­ғар­машылық ұжымдары қатысты. Мемлекеттік хатшы аталған ұжым­дар еліміздің театр және мәде­ни өмірін дамытуға елеулі үлес қосып жатқанына тоқтала келіп, театрдың белсенді азаматтық ұстанымы бар тұлғаларды қа­лып­тастырудағы маңызын атап өтті. Мәдениет саласындағы елеулі оқиғаның бірі Мемлекет бас­шысының ұзақмерзімді Мәдени сая­сат тұжырымдамасын әзірлеу туралы тапсырмасын іске асыру болды. Оны жасауға еліміздің жетекші мәдениеттанушы ғалымдары, өнер саласының сарапшылары мен шығармашылық одақтар қатыс­ты. Жаңа тұжырымдама мәде­ниет саласындағы бәсекеге қабі­лет­ті мә­дени ментальдікті қалып­тас­ты­руға және қазіргі заманғы мә­де­ни кластерлерді дамытуға бағыт­талған. Г.Әбдіқалықова шығармашыл зиялы қауым өкілдерінің Қазақстан халқы Ассамблеясы жылында өт­кі­зілетін Қазақстан халқы Ассам­блея­сының 20 жылдығы, Қазақ­стан Республикасы Консти­ту­ция­сының 20 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жыл­дығы және Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерейтойлық мерекелік іс-шараларға белсене атсалысатынына сенім білдірді. Алматы қаласындағы әйелдер қауымымен өткен кездесуде отбасылық-демографиялық сая­сатты дамыту, әйелдерді «Қазақ­стан-2050» Стратегиясын, «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жаңа Экономикалық Саясатты,  Қазақстан Республикасының  2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын жүзеге асы­ру ісіне белсене қатыстыру мәсе­лелері талқыланды. Кездесулер қорытындысы бойынша Г.Әбдіқалықова мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді.