• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Ақпан, 2015

Күн тәртібі қалыптастырылды

335 рет
көрсетілді

Кеше палата Спикері Қабиболла Жа­қыповтың төрағалығымен Мәжіліс бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәр­тібі нақтыланды, деп хабарлады осы пала­таның баспасөз қызметі. Халық қалаулылары назарына табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер жобасы екінші оқылымда ұсынылады. Сондай-ақ, жалпы отырыста  Халықаралық әуе тасымалдарының кейбір қағидаларын біріздендіруге арналған конвенцияны ратификациялау туралы заң жобасы қаралмақ. Сонымен қатар, күн тәртібі жобасы аясында бірқатар ратификациялық құжаттар бойынша, атап айтар болсақ, Қазақстан мен Қытай арасындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялауға,   Қазақстан мен Ресей арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге және Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерістер енгізуге қатысты заң жобаларына қатысты бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімі тағайындалмақ.