АСТАНА. 14 ақпан. Кеше, жұма күннің кешінде Лондон биржасында Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 61,33 долларға дейін көтерілді. Бұл туралы «Аргументы и факты» хабарлады.
Осымен бір мезгілде Нью-Йорк биржасында WTI маркалы мұнай баррелінің наурыз айындағы фьючерсінің бағасы 52,90 долларға дейін жетті. Мұның алдында Brent $51,43 маркасының араласы барреліне $57,05 болған еді. Сол сияқты WTI маркасының баррелі $51,43 шамасында саудаға түскен.
Аналитиктер әлем рыногындағы бағаның бұлайша жоғары көтерілуіне осы аптада АҚШ-та ұңғыма қондырғылары санының қысқаруы әсер еткенін айтып отыр. Өткен аптаның қорытындысы бойынша олардың саны 87-ге жетті. Ал осы аптадағылардың саны жөніндегі ақпар енді жарияланады. Шамасы, қысқару жалғаса беретін сияқты. Осы мұнай бағасының көтеріле түсуіне себепкер болады.
Дегенмен, әлем рыногында осы кезге дейін жиналып қалған артық баррельдер әлі көпке дейін мұнай бағасының күрт жоғары көтеріліп кетуіне кедергі келтіре беретін сияқты.
Мұрат Айтқожа.
Дерек, сурет: Аргументы и факты.