• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Ақпан, 2015

Шымкентте күтуші әйел ұрған сәби қайтыс болды

291 рет
көрсетілді

АСТАНА. 14 ақпан. Күтуші әйел өлімші етіп ұрған 4 жасар қыз Шымкенттегі ауруханада есіне келмеген күйі қайтыс болды. Бұл туралы «7 арна» хабарлады. «Күтуші әйел ұрды деп болжанған 4 жасар қыз Шымкент ауруханасында жантәсілім етті. Оның інісі де ауруханада жатыр», - деп мәлімдеді арна тілшісі. Шымкент қаласы Абай ауданы прокурорының орынбасары Ермек Әйтімовтің айтуынша, нәресте есін жинамаған күйі қайтыс болған. Ашып көру оның миына қан құйылып кетуі салдарынан қайтыс болғанын анықтаған. Еске сала кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысының орталығында екі кішкентай баланың қатты соққы алып, ауруханаға түскендері осы аптаның дүйсенбі күні белгілі болған. Алдымен комаға кіріп кеткен төрт жастағы қыз бала, соңынан оның қатты дене жарақатын алған екі жастағы інісі жансақтау бөліміне жатқызылды. Тексеру кезінде олардың бастары мен аяқ-қолдарынан қатты соққы алғандары анықталды. Күдікті ретінде оларды біраздан бері күтімге алған күтуші әйел қамауға алынды. Ал балалардың анасы біраздан бері басқа жақта жұмыс істеп жүргендіктен, үйінде болмаған. Ол балаларын соңғы рет Жаңа жылдың алдында көріпті. Құрыш Нұрымбет. Дерек, фото: 7 арна.