• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Ақпан, 2015

Елімізде су асты роботтарын шығару ісі жаңа деңгейге көтеріледі

369 рет
көрсетілді

ОРАЛ. 14 ақпан. Орал қаласындағы «Зенит» зауыты және «Гидроприбор» ғылыми зерттеу институты ТМД ауқымында баламасы жоқ, әскери және азаматтық мақсаттарға қызмет көрсететін роботтарды шығару ісімен айналысып келеді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Бүгінгі күні Қазақстандық конструкторлармен бірлесіп жұмыс істеуге Францияның ЕСА Robotus компаниясы үлкен ықылас танытып отыр. Сөйтіп осы орайда олар арнайы келісімге келді. Осы компанияның бизнес-менеджері Оливье Магренің мәлімдеуінше, Қазақстанда франциялықтардың жобаларына қанат бітіре алатын соны саланың жілік майын шағып ішкен білікті мамандар бар. Тұтастай алғанда, Оралдағы аталған құрылымдар еліміз қарулы күштерінің тапсырысына сай робот техникалармен шағын катерлер және су астындағы мұнай газ құбырларына қажетті құрал жабдықтар шығарады. Дәл осындай жұмыс ауқымы алдағы үш жылдың ішінде де болатыны белгілі болып отыр. «Бірінші кезекте бұл айрықша отандық өнімдер еліміздің қарулы күштеріне арналып шығарылмақ», – деп мәлімдеді әскери теңіз күштері бас қолбасшысы, контр-адмирал Жандарбек Жанұзақов egemen.kz тілшісіне. Қазір Қазақстан-Француз тараптары өз сұраныстарын өтегеннен кейін робот техникаларды ТМД және Орта Азия елдеріне экспортқа шығаруды ұйғарған. Темір Құсайын. Дерек: egemen.kz. Сурет: uralsk.info.