Жоба 16 Маусым, 2025

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды

90 рет
көрсетілді

Мәдениет және ақпарат министрлігі Мемлекет басшысы тағайындаған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру бойынша конкурстың басталғанын жариялайды, деп жазады Egemen.kz.

Грант берудің мақсаты - белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жаңа идеялар мен бастамаларды мемлекеттік қолдау.

2025 жылы республикалық деңгейде 3 млн. теңгеден 30 грант берілетін болады.

Грантқа 14 жастан бастап 35 жасқа дейінгі (34 жасты қоса алғанда)Қазақстан Республикасының азаматы үміткер бола алады.

Грант мынадай 6 бағыт бойынша жобаларды іске асыру үшін конкурстық негізде беріледі:

«Ғылым» – жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;

«Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;

«Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;

«Бизнес» – жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;

«Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған;

«Волонтерлік» – өзекті, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған волонтерлік жобаларды (бастамаларды) іске асыруға арналған.

Айта кетейік, конкурстық өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 16 маусымнан бастап 18 тамыз аралығында  t.urpaktary25@gmail.com электронды поштасы арқылы жүзеге асырылады.