АЛМАТЫ. 4 тамыз. Қыркүйек айына дейін Медеу ауданының қоғамдық көліктері жаңа тұжырымдама бойынша жүретін болады. Ол жобаның авторы – даниялық сәулетші-урбанист Ян Гейл. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Жолдасбеков–Сатпаев және Фурманов–Достық көшелерінің аумағына өзгерістер енгізу үшін 90 миллион теңге бөлінді. Сондай-ақ, осы шаршыда ұзындығы 2,5 шақырымдық жаңа веложол пайда болады.
«Бүгінгі таңда ауданымыздың аумағына 50 түп әртүрлі ағаш отырғызылып, 4 гүлзар егіліп, 4 альпілік шоқылар тұрғызылды. Барлығы 60 мың шаршы метр жерге шым төселді», – дейді Медеу ауданы әкімнің орынбасары Талғат Әбдіхалықов. Сәулетші Ян Гейл болашақта жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды да ұзартуды көздеп отыр.
Талғат Сүйінбай.
Дерек,сурет: egemen.kz.