АТЫРАУ. 22 маусым. Атырауда соңғы 3-4 күннен бері ыстық ауа температурасы сақталып тұр. Синоптиктер аптап ыстықтың +43 градусқа көтерілгенін растады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Қазгидромет» РМК Атырау филиалы метеоболжам бөлімінің бастығы Күлайна Мырзашева хабарлағандай, кеше Махамбет ауданында ыстықтың +43 градусқа жеткені белгілі болды. Оның айтуынша, Атырауда алдағы күндері +40-41 градус болатындығы күтілуде. Мұндай аптап ыстық айдың аяғына дейін сақталады екен. Синоптиктер айдың соңғы күндері, яғни, 29-30 маусымда ауа температурасы +42 градустан жоғарылайтындығына назар аударып отыр.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: metronews.ru.