• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
04 Тамыз, 2015

Атырауда 80,5 млн. теңгенің жалақы қарызы өтелді

270 рет
көрсетілді

АТЫРАУ. 4 тамыз. Атырау облысында прокуратура қызметкерлері бірінші жартыжылдықта 80,5 миллион теңгені құраған жалақы қарызының өтелуіне ықпал етті. Бұл туралы облыстық прокуратура дерегіне сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Облыстық прокуратура органдарына жыл басынан бері заңсыздықтар мен кедергілерге тап болған жеке және заңды тұлғалардан 3000-нан астам шағым түсіпті. Талдау көрсеткендей, шағымның дені еңбек, тұрғын үй және жер заңнамаларының жиі бұзылатындығы байқалып отыр. Соның ішінде жұмысшыларға маңдай терімен тапқан жалақысын уақытылы төлемеуге байланысты шағымдар да бар. «Қадағалау актілерімен «Каспий балық» шаруа қожалығы мен «Соут-Вест Групп Корпорейшн», «Гюрал ойл» серіктестіктері жұмысшыларына жалақыны уақытында төленбей келгені анықталды. Сол себептен аталған ұжымдарда еңбек ететін 360 жұмысшыға төленуі тиіс жалақы қарызы 80,5 миллион теңгеге жеткен. Прокуратура органдарының ықпал етуімен аталған сомадағы жалақы қарызы толығымен өтелді», – деді облыстық прокуратура басқарма бастығының міндетін атқарушы Темірбек Дәржанов. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: Атырау облыстық прокуратурасы. Сурет: tengrinews.kz.
Соңғы жаңалықтар