• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
04 Тамыз, 2015

Ақтауда жүргізуші жаяу жүргіншіні соққыға жықты

275 рет
көрсетілді

АҚТАУ. 4 тамыз. Ақтауда жүргізуші жол бойынан асықпай өткені үшін жаяу жүргіншіні ұрып тастады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Жаяу жүргіншілер жолағы арқылы жол үстінен өтпек болған жолаушы жүргізуші тарапынан соққыға жығылды. Жүргізуші жаяу ер адамның асықпай өткендігіне ашуланған. Алдымен айқайлап, кейін балағаттай бастаған жүргізуші кейін жүргіншіні ұрып тастайды. Таяқ жеген жаяу жүргінші – Мұнайлы ауданындағы Атамекен ауылының 38 жастағы тұрғыны ауруханаға қаралып, өзіне қол көтерген жүргізушінің үстінен құқық қорғау орындарына арыз жазды. Қазіргі таңда аталмыш іс бойынша тергеу жүргізілуде. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек: egemen.kz. Сурет: 24.kz.