• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Ақпан, 2015

Қазалыда жемқорлыққа қарсы күресу шаралары насихатталды

363 рет
көрсетілді

АСТАНА. 16 ақпан. Қызылорда облысы Қазалы ауданы көлік-техникалық колледжінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті 2015 жылды Президенттің «Нұрлы Жол» бағдарламасы, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшылығының нақты тапсырмалары негізінде аудандық «дөңгелек үстел» өткізілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Дөңгелек үстел» барысында Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі Қызылорда облысындағы департаменті батыс аймағы бойынша аудан аралық бөлімінің аға офицері Ерболат Әліпбаев Елбасының «Нұрлы Жол» бағдарламасы, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, оның ішінде жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты тәрбиелеу туралы студенттерге түсініктеме жұмыстарын жүргізсе, сондай-ақ ауданымызда аудан жастарының қатысуымен өткізілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» өткізілген біршама шаралар туралы «Жастарды қолдау орталығы» Қазалы аудандық бөлімшесінің басшысы Олжас Ахметов қысқаша хабарлама жасап өтті. Жиында аудан студенттері «дөңгелек үстел» барысында күн тәртібінде қаралған мәселелердің шешімін бірігіп шешуге атсалысатындарын жеткізді. Жолдыбай Базар. Дерек, сурет: egemen.kz.