ПАВЛОДАР. 22 маусым. Облыс орталығына қарасты Шәукен-Павлодарское ауылында дәрігерлік амбулатория «Денсаулық сақтау саласының 350 нысаны» мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтерді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ол халыққа алғашқы санитарлық-медициналық көмек көрсетуге арналған. Ауылда 6 мыңнан астам тұрғын бар. Бөлімше қалалық №3 емханаға қарайды. Амбулаторияда 13 дәрігер қызмет көрсетеді. Күндізгі стационар кабинеттері тұрғындар қабылдайды. Облыс әкімдігінің мәліметінше, амбулаторияның құрылысы мен құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 147 миллион теңге бөлінді.
Биыл облыстық бюджетте денсаулық сақтау саласын қаржыландыруға 35 млрд. теңге қарастырылыпты. Бұған Красноармейка, Чернорецк, Мичурин, Шарбақты ауданы Хмельницкий, Ақтоғай ауданының Қожамжар, Ақсудың Жолқұдық ауылдарында дәрігерлік бөлімшелер құрылысы жүргізілуде.
Фарида Бықай.
Дерек, сурет: egemen.kz