ПАВЛОДАР. 15 ақпан. Павлодар обдысы Қашыр ауданында 39 ауылдың 11-і орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ауыл тұрғындарына таза ауыз су жеткізу үшін өткен жылы 38 миллион теңге қаржы бөлініпті. Аудандық әкімдіктің мәліметтерінше, аудан орталығы Тереңкөлге, Бесжан, Байконыс, Аққайың және басқа да ауылдарға су жетті.
Су құбырларының жалпы ұзындығы 138,42 шақырымды құрайды. Енді ары қарай да «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында ауылдарға таза ауыз су жеткізу жұмыстары жалғасады. Бұл бағдарлама арқылы 2015-2017 жылдары Тереңкөл ауылындағы су тазарту жүйесі күрделі жөндеуден өтеді. Негізгі қаражат 963 миллион теңге бөлінген. Алдағы жылдары ауданның 5 ауылында жерасты қорындағы су көлемін анықтау мақсатында геологиялық-барлау жұмыстары жүргізіледі.
Фарида Бықай.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: Б.Ахметбек.