• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Ақпан, 2015

Ақтөбелік оқушылар конькимен сырғанаудан жарысты

401 рет
көрсетілді

АҚТӨБЕ. 15 ақпан. Ақтөбеде оқушылар арасында конькимен сырғанаудан қалалық жарыс өткізілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Жарысты ұйымдастырудың басты мақсаты өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау, спорттың адам денсаулығына маңызы зор екенін түсіндіру, сондай-ақ қысқы спорт түрлерін одан әрі дамытуға қозғау салу болып табылады. Сайыстың ашылуына Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарысқа жеті командаға топтастырылған жүзден астам жас конькиші қатысты. Қазір облыс орталығында коньки спортына қызығушылық артып келеді. Қалада түрлі деңгейдегі 25 мұз айдыны жұмыс істейді. Ақтөбе қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы Евгений Гончаровтың айтуынша, болашақта қысқы спорт түрлерін дамыту үшін шаһарда мұз сарайын салу қарастырылуда, әзірге әкімдік тарапынан осы нысанды қаржыландыруға ынталы кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізілуде екен. Сондай-ақ наурыз айында мәнерлеп сырғанаудан жарыс ұйымдастыру көзделуде. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек: egemen.kz. Сурет: total.kz.