• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Тамыз, 2015

Қостанай қаласы әкімінің тағы бір орынбасары ұсталды

246 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 04 шілде. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қостанай облыстық департаментінің жедел тергеу тобы қала әкімінің тағы бір орынбасары Аракелян Фрунзикті ұстады. Бұл туралы tobolinfo.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен Аракеляна Фрунзикті жедел топ қызметкерлері күндіз жұмыс кезінде ұстады. Оның кабинетіне тінту жүргізілді. Сонымен қатар қалалық әкімшіліктің бірқатар қызметкерлерінен жауап алынды. Бұл тергеу жұмыстары осының алдында үш күн бұрын ұсталған қала әкімінің орынбасары Мақсұт Қалиев пен «Сыл» ЖШК-нің директоры Гагик Овнанянның үстінен қозғалған қылмыстық іске байланысты жүргізілді. Қозғалған қылмыстық істер бабына сәйкес қала әкімінің орынбасарлары Мақсұт Қалиев пен Аракелян Фрунзикті 7-ден 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылу немесе алған параға 70 есе көлемде айыппұл төлеу жазасы күтіп тұр. Олардың мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметтен біржолата аластату да жаза құрамына кіреді. Ал пара берген Овнанян Гагик бес жылға бас бостандығынан айырылуы немесе берген парасына 30 есе көп айыппұл төлеуі мүмкін. Қостанай қаласының әкімі Ахмедбек Ахметжанов отставкаға кетуі әбден ықтимал. Нәзира Жәрімбетова Дерек, сурет: tobolinfo.kz.