• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
15 Ақпан, 2015

Орал әуежайындағы жөндеу жұмыстары сапасыз жүргізілген

322 рет
көрсетілді

ОРАЛ. 15 ақпан. Орал әуежайнының ұшу-қону жолағы жөніндегі түйіткілдер әлі шешілмей келеді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Осыдан төрт айға жуық уақыт бұрын Орал әуежайының ұшу-қону жолағына жүргізілген күрделі жөндеуден кейін мұнда ұшу кестесі қайтадан қалпына келтірілген еді. Алайда, осы қысқа уақыт аралығында жолақта жарықтар мен жырықтардың және ойықтардың пайда болғаны анықталып отыр. Әуежайдың бас инженері Шамиль Хисмутдинов бұл жағымсыз көріністі жөндеудің сапасыз жүргізілгенімен байланыстырады. Осы мәселеге байланысты Оралға Инвестиция және даму министірлігіне қарасты азаматтық авиация комитеті мен «КАЗайропром» АҚ ғылыми жобалау институтының мамандарынан құралған комиссия келген болатын. Солардың бірі, әуежай бөлімінің бастығы Татьяна Ахтямова ұшу-қону жолағы қанағаттанарлық жағдайда, сондықтан оны пайдалана беруге болады деп есептейді. «Пайда болған қуыстар ұшақтың қауіпсіздігіне кедергі келтіре алмайды», – дейді ол. Сондай-ақ мердігерлер мен техникалық қадағалаушылардың мәлімдеуінше, аяғына дейін жеткізілмей қалған жіктерді қалпына келтіру аса қиын шаруа емес. Тіпті, оны қазіргі ақпанның аязды күндерінің өзінде қалпына келтіруге болады. Тек жарықтарды жабу үшін арнаулы қоспаны пайдалану керек екен. Олардың айтуынша, тиісті нормативтер шеңберіндегі жұмыстарды атқару кезінде әуежайды жабудың қажеті жоқ. Оны рейстердің арасындағы уақыт ішінде аяқтауға болады. Қысқасы, аталған комиссия Орал әуежайының ұшу-қону жолағында пайда болған тесіктер мен қуыстарды бұған дейін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген «К-Дорстрой» АҚ мердігерлік ұйымының есебінен қалпына келтіру жөнінде шешім алды. Бұл үшін әуежайды жабудың немесе рейстерді шектеудің қажеттілігі жоқ екендігі жөнінде ұйғарым жасалды. Бұл арада тиісті заңдылықтар бойынша соңғы жауапкерішілікті әуежай жетекшілері арқалайтынын айта кеткен жөн. Темір Құсайын. Дерек: egemen.kz. Сурет: forbes.kz.