• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
16 Ақпан, 2015

Солтүстік Қазақстанда күзетші мен бір табын бұзау өртеніп кетті

305 рет
көрсетілді

ПЕТРОПАВЛ. 16 ақпан. Cолтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Черкасск елді мекенінде мал қора өртеніп, шаруашылыққа үлкен шығын келді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Аққайың ауданы аумағында орналасқан ауылдағы осы аттас серіктестік көп жылдан бері мал шаруашылығымен шұғылданып келеді. Күтпеген оқиға түнде орын алған. Қамыс қора аз уақыттың ішінде қызыл жалынға оранып, тып-типыл болған. Айтып келмеген зобалаңның салдарынан 38 жастағы Қайрат Бектұров есімді күзетші мен 80 бұзау өртеніп кеткен. Бұл ақпаратты бізбен хабарласқан Қайраттың туысқаны Сәуле Жәкенова да, басқалар да растады. Марқұмның денесі 14 ақпан күні жер қойнына берілді. Бүгінде өрттің шығу себептері анықталуда. Ол туралы түрлі жорамалдар айтылуда. Бір таңқаларлығы, шалғайдағы ауылда орын алған қайғылы оқиға жөнінде баспасөз беттерінде ешқандай ақпарат жарияланбады. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті баспасөз қызметінің бас маманы Евгений Журавлевке телефон соққанымызда басшылықпен сөйлесейін деген кейіп танытып, қашқалақтады. Аққайың ауданында мұндай оқыс жайттар жиілеп кетті. Бұрнағы жылы «жұқпалы мал ауруы шықты» деген желеумен шетелден әкелінген бір мыңға тарта асыл тұқымды сиырлар мен ойнақ салып жүрген бұзауларға укол салып, өлтірілген болатын. Одан кейін су мұнарасы мен элеватор құлап, адам өліміне соқтырған еді. Өмір Есқали. Дерек: egemen.kz. Сурет: news.nur.kz.
Соңғы жаңалықтар