АСТАНА. 16 ақпан. Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімінің бұқаралық спортты дамытудағы бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қазақстан халқы Ассамблясының 20 жылдығына арналған, аудан тұрғындары арасында қысқы спорт түрлеріне тарту мақсатында шаралар өтуде. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Соның бірі – Қазалы қаласында өткізілген бүгінгі шаңғы тебу сайысы. Салауатты өмір салтын насихаттау және дамыту мақсатында ұйымдастырылған сайыс «Шағала» тынығу лагерінде өтті. Сайысқа Әйтеке би кентінен және Қазалы қаласы тұрғындары қатысып, шеберліктерін шыңдады.
Жарыс қортындысында, Алтынбек Өтепбергенов ІІІ орынды жеңіп алды. Ал ІІ орынды Дархан Ысқақов иеленсе, Жарыс жеңімпазы болып Медетов Құдайберген танылды.
Жалпы аудан көлемінде қысқы спорт түрлерінен эстафеталық жарыстар, қар үстіндегі спорттық ойындар. өз деңгейлерінде өткізілуде. Мұндай спорттық сайыстар ауа-райына байланысты кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Жеңімпаздар аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі тарапынан марапатталды.
Жолдыбай Базар.
Дерек, сурет: egemen.kz.