• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
04 Тамыз, 2015

Қытайда эскалатор бір адамның аяғын шайнап жіберді (видео)

359 рет
көрсетілді

АСТАНА. 4 тамыз. Қытайда эскалатор бір ер кісіні «жұтып жіберген». Осыдан алған жарақаттары салдарынан оның аяғын кесіп тастауға тура келді. Бұл туралы ras.kz хабарлады. Оқиға Шанхай қаласында болған. Cауда орталықтарының бірінде эскалатор күл-қоқыс жинаушы жігіттің аяғын «жұтып қойған». Ол өзінің күнделікті жұмысын атқармақшы болып, эскалатордың тепкішегіне аяғын басқан кезде оның астындағы еден опырылып құлап, жерге түскен. Сол кезде еден сыпырушының аяғы машинаның тетігіне қыстырылып қалған. Зардап шегушінің айқайынан кейін сауда орталығының қызметкерлері оған көмектеспекші болып жан-жақтан жүгіріп келеді. Алайда, олардың қолдарынан ештеңе келе қоймайды. Жұрт сосын төтенше жағдайлар қызметін шақырып, солардың арқасында ер кісі шығарып алынады. Куәгерлердің айтуынша, қытайлық жігіт аяғының қатты ауруының салдарынан есінен танып қалған. Кейінірек алған жарақатының нәтижесінде оның аяғына ампутация жасауға тура келген. Айта кету керек, бұл Қытайда соңғы кездері эскалатор төңірегінде орын алып отырған бірінші қайғылы оқиға емес. Биылғы шілде айының соңында Цзиньчжоу қаласында 30 жастағы қытайлық әйел эскалатор механизміне түсіп қалған болатын. Келіншек сол аласапыранда кішкентай баласын құтқарып қалды да, өзі қаза тапты. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: ras.kz.