__________________________________
ТАҒЫ БІР ТАУАРЛЫ - СҮТ ФЕРМАСЫ Қостанай облысында кезекті инвестициялық жоба іске асырылды Қостанай облысында инвестициялық жобалар қатарынан кезекті өндіріс іске қосылды. Қостанай облысының Садчиков ауылында 400 бас асыл тұқымды сауын ірі қара малға арналған жоғары технологиялы ірі тауарлы — сүт фермасы ашылды. Жобаны “Садчиковское” ЖШС іске асырып отыр. Жалпы құны – 806 млн. теңгеден асады, оның 685 млн. – 2001-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік индустриялық-инновациялық бағдарлама шеңберінде “ҚазАгроҚаржы” АҚ желісі бойынша және республиканың Ұлттық қорынан “ҚазАгро” Ұлттық холдинг компаниясына бөлінген қаражаты есебінен қаржыландырылған. Бұл Қостанай облысында отандық лизингілік компаниямен қаржыландырылып отырған бірінші инвестициялық жоба емес. Өткен аптада облыстың Федоровское ауданында “Тұрар” ЖШС ірі тауарлы-сүт фермасы іске қосылды. Оған “ҚазАгроҚаржы” өзінің бюджеттік бағдарламасы шеңберінде 435 млн. теңгеден артық қаржы инвестициялады. Дәл сол күні, бірақ Қостанай ауданының Ждановка селосында “Жас қанат” Бройлер фабрикасы” ЖШС ірі құс фабрикасының желісі іске қосылған. Бұл жобаны іске асыру барысында “ҚазАгроҚаржы” құрылыс-монтаж жұмыстары мен жабдық сатып алуға 410,3 млн. теңге қаржы бөлді. Садчиковка селосындағы қазіргі заман сүт кешенінің жобалық қуаты жылына 3 200 тонна сүт өнімі. Қостанай облысы бойынша және таяу жатқан аймақтарда сүтті әр түрлі ашыған сүт өнімдеріне қайта өңдеу жоспарлануда. “Садчиковское” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде сауын ірі қара мал тұратын өзінің қолданыстағы тауарлы-сүт фермасы бар. Фермада мал сауу үшін ескі сауу аппараттары қолданылады. Бүгінгі таңда жоспарланған қаражат шеңберінде 294,4 млн. теңге көлеміне кешеннің құрылысы, сонымен қатар сауу залы мен мал ұстауға арналған жаңа жабдық сатып алуға қаржыландырылды. Сонымен бірге “ҚазАгроҚаржы” акционерлік қоғамында шаруашылыққа венгер селекциясының голштино-фриз асыл тұқымының малдарын сатып алу мәселесі шешілу үстінде. Жаңа ферманың арқасында 42 жұмыс орны құрылмақшы. Ірі тауарлы-сүт фермасы іске қосылысымен сүт өнімдерінің импорты қысқарып, аймақ тұрғындары жергілікті өндірістің сапалы сүтімен және одан қайта өңделген өнімдермен қамтамасыз етілетін болады деп күтілуде. Жалпы, осы уақытқа “ҚазАгроҚаржы” компаниясында екінші іріктеу кезеңі барысында әр түрлі инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған 80-нен аса өтінім келіп түсті. Оның 14 өтінімі тауарлы-сүт фермасының құрылысын қаржыландыруға арналған. Бүгінгі таңда компанияның несие комитетімен қолданыстағы өндірістерге тағы да қосымша 4 жоба мақұлданды, олар еліміздің түрлі аймақтарында іске асырылатын болады. Төрт жоба қаралу үстінде. “ҚазАгроҚаржы” 2009 жылдан бастап қазіргі заман ірі тауарлы-сүт фермаларын құру, құс фабрикаларының, жылыжай шаруашылықтарының, көкөніс қоймаларының желілерін құру және дамыту, ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру өндірістерін ұйымдастыру, жеміс-көкөніс, техникалық және май дақылдарын өндіруде тамшылатып суару технологиясын енгізу сияқты еліміздің ауыл шаруашылығындағы алты бағытта перспективалық жобаларды қаржыландырып келеді. Инвестициялық жобалар 12 жыл мерзімге дейін жылдық 6 пайыз шарттарында және 2 жылға дейін негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезеңмен Ұлттық қор қаражатынан қаржыландырылады. “Егемен-ақпарат”.
•
01 Шілде, 2010
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАРЛЫҚ АУМАҒЫ – ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫ
521 рет
көрсетілді