• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
05 Тамыз, 2015

Құқық қорғау саласын реформалаудағы интернет игілігі

266 рет
көрсетілді

Бүгінде Бас прокуратура Мем­лекет басшысы жариялаған бес инс­титуттық реформа «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша мақсатты түрде жұмыс жүргізуде. Бұл орайда қадағалау органының мамандары мемлекеттік басқару, сот төрелігі, сондай-ақ, заң үстемдігі қағидасын қамтамасыз ету бойынша әзірленген ұсыныстарын Жаң­ғырту жөніндегі Ұлттық комис­сия мақұлдаған көрінеді. Атап айтқанда, алқабилер институ­тын жетілдіру, тергеу әрекет­теріне санкция беру жөніндегі проку­ра­тураның қызметін біртіндеп тер­геу судьяларына беру, азамат­тық-құқықтық даулардың жекеле­ген санаттары бойынша проку­рор­лардың сотқа қатысуын қысқарту жөнінде ұсыныстар енгізілді.

Сонымен қатар, Бас прокурор атап өткендей, көзделген мақсат­тарды көпшіліктің қатысуынсыз және олардың қолдауынсыз тиімді жүзеге асыру мүмкін емес. Көп жағдайда түпкі нәтиже ре­формалардың негізіне алынған идеяларды халықтың қабылдауына және оларды қолдауына сай көрініс табады. Сондықтан біздің азаматтардың осы жұмысқа белсенді қатысқандары маңызды болып табылады. Ал бұл талаптарды жүзеге асыру мақсатында күні кеше ғана «Құқық қорғау органдарын реформалау» атты интернет-сайт іске қосылды (www.rpo.kz). Онда кез келген азамат құқық қор­ғау жүйесін реформалау және заң­на­маны жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын қалдыра алады. Аталған интернет-платформаны құрудың басты мақсаты – халықты құқық қорғау орган­дарын жаңғырту жөніндегі жұмысқа тарту, құқықтық жүйені сапалы жаңарту мәселелеріне бейжай қарамайтын азаматтардың барлы­ғымен сындарлы сұхбат жасау болып табылады Сайтты пайдаланушыларға тиімді болуы үшін форумда үш бөлім қарастырылған. Оның ал­ғаш­қысы, азаматтардың құқық қорғау органдарының қызметіне қатысты реформаларды іске асыру бойынша ұсыныстарын жинау болса, екінші бөлімде азаматтар Ұлт жоспарының орындалуына бағытталған ұлттық заңнаманы реформалау бойынша ұсыныстарын қалдыра алады. Ал, үшінші бөлімде халықаралық алдыңғы қатарлы тәжірибені ескере отырып құқық қорғау органдарының реформасын жүргізу бойынша ұсыныстар жинақталып, талқыланады. Сайтта жұмыс істеу тәртібі сол жердегі нұсқаулықта анық көрсетілген, осыны басшылыққа ала отырып арнайы тақырып ашуға немесе бұрын жасалған тақырыптарға пікір қалдыруға болады, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.