Норвегиялық 79 жастағы азамат Трюгве Бернхардсен 65-тегі Эллен Хертцбергке үйленіп жатқан тойында 800 метрлік қашықтыққа жүзіп шықты. Қария бұл аралықты екі немересінің жанында жүзіп отыруларымен бағындырды.
Бұл суға жүзудің бір қиындығы, сол күні ашық теңіздегі жағдай да мұндай ерлік жасауға оншалықты қолайлы бола қоймапты. Шамалыдан кейін себелеп жаңбыр жауып кеткен де, арты күшті желге ұласқан. Ал судың жылылығы 14 градустан аспаған. Соған қарамастан, қария бұл кедергілерден өте білген. Суға түсер алдында Трюгве журналистермен кездесіп, оларға осы салтанатқа қатысуларының өзі оның қайтар жолда жақсы жүзіп келуіне кепіл болатынын айтып әзілдеген. Суда жүзіп келгеннен кейін күйеу жігіт мұның өзі үшін үлкен сынақ болғанын мойындаған. Жас кезінде ұзақ жылдар жүзумен шұғылданған ол «суықтан аяқтарының түгел жансызданып қалғанын» жеткізді. Бұл жұптың бір-бірлерімен таныс болғандарына 15 жылдан асыпты. Сол кезде Трюгве өзінің яхтасын Элленнің үйінің маңына байлапты. Олар қазір сонда тұрып жатыр.
Мұрат АЙТҚОЖА.