• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
17 Ақпан, 2015

Азық-түлік өндірісіне маңыз берілді

261 рет
көрсетілді

Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев кеңес өткізіп, оның барысында Мемлекет басшысының тапсырмаларын ескере отырып, 2014-2015 жылдарға арналған ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу және азық-түлік өнеркәсібін дамыту жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыру мен көкейкестілендіру мәселелері қаралды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Кеңес жұмысына орталық мемлекеттік органдардың, «Ата­мекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «ҚазАгро» ҰБХ-ның, «Даму» қорының, «ҚДБ» АҚ-тың басшылары қатысты. Талқылау қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев Ауыл шаруа­шылығы, Инвестициялар және даму мини­стрліктеріне «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп ауылшаруашылық өнімдерін өң­деу саласындағы басым жобалардың кар­тасын әзірлеп қалыптастыруды тапсырды. Еске сала кетейік, үстіміздегі жыл­дың 11 ақпанында Үкіметтің кеңей­тілген отырысында Пре­зидент Н.Ә.На­зарбаев әлем­дік экономикадағы жаңа өмір шындығын ескере келгенде ауыл­шаруашылық өнімдерін өңдеу мен азық-түлік өнеркәсібін дамыту шешуші бағыт болатындығын атап көрсетті. Осы тұрғыда Үкіметке 2013-2014 жылдары басталған АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыру жөніндегі жұмыстарды одан әрі жалғастыру тапсырылған болатын.