АСТАНА. 5 тамыз. Үндістандағы алапат су тасқынынан қаза болғандар саны 220 адамнан асты. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Елдің ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған NetIndian басылымы бұдан бұрын табиғи апаттан 180-нен астам адамның қаза болғанын жазған.
Бірден бес штатта толассыз жауған нөсер жаңбыр Үндістанның шығысы мен батысында су тасқынының болуына әсер етті. Батыс Бенгалия, Манипур, Раджастан, Гуджарат және Одиша штаттарында жүріп жатқан жедел құтқару іс-шараларына құтқарушылармен қатар, армия бөлімшелері мен әскери авиация жұмылдырылды.
Өткен жылы Үндістан мен Пәкстанның солтүстік аудандарында орын алған су тасқыны 440-тан астам адамның өмірін жұлып кетті. Биліктің ақпары бойынша, сол кезде Пәкстанда – 241, ал Үндістанда кем дегенде 200 адам қаза болған. Апат аймағынан 60 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілген.
Айдар Өрісбаев.
Дерек: ria.ru.
Сурет: ap.org.