• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Ақпан, 2015

Атырауда модульді құрылыс екі аптада құрастырылады

342 рет
көрсетілді

АТЫРАУ. 17 ақпан. Атырауда облысында екі аптада тұрғын үй, немесе кеңсе ғимаратын тұрғызатын модульды құрылысты жүргізу қолға алынды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Тез әрі сапалы тұрғызуға ыңғайлы модульды құрылыс фабрикасын іске қосуға 743 млн. теңге инвестиция салыныпты. Фабриканың жұмысшылары бір жылда 300 модуль жасап шығару көздер отыр. «Шағын және аумағы үлкен кеңселер мен тұрғын үй құрылысына арналған модульдарды екі аптада құрастырып бере аламыз. Олардың бір шаршы метрі –700-2000 АҚШ доллары аралығын құрайды. Тұтынушының тапсырысына сәйкес жиһаздар мен тұрмыстық техникаларды да орнатуға болады. Мұнда тұрмыстағы қажеттіліктердің барлығы бар. Қазір шағын кеңселерді тұрғызуға тапсырыстар түсті», дейді «ABS Modular Limited» серіктестігінің бас директоры Руслан Коломиец. Модульды құрылыс фабрикасының құрылысына тек отандық шикізаттар пайдаланылады. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: egemen.kz. Сурет: 2s2b.ru.