• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
17 Ақпан, 2015

Айыпталушыны Біріккен Араб Әмірліктері елімізге тапсырды

348 рет
көрсетілді

АСТАНА. 17 ақпан. Алматы әуежайында Біріккен Араб Әмірліктерінің уәкілетті органдары алдау және сенімге қиянат жасау жолымен бөтеннің мүлкін ірі көлемде ұрлағаны үшін айыпталып отырған А.Гатауллинді Қазақстан тарапына тапсырды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Қылмыс жасағаннан кейін Гатауллин тергеуден жасырынып қалған болатын, осыған байланысты Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 2014 жылдың желтоқсанында халықаралық іздеуге санкция берген. Оны интерпол Дубай қаласында ұстады. Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің құқық қорғау органдарының жедел өзара іс-қимылының нәтижесінде А.Гатауллин қазақстандық тарапқа берілді. Жолдыбай Базар. Дерек: Бас прокуратураның баспасөз қызметі. Сурет: prokuror.kz.