АСТАНА. 17 ақпан. Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы тұтынушыларға сапалы қызмет көрсетіп отырған кәсіпорынның бірегейі «РЗА» акционерлік қоғамы болып табылады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Мал және сүт өнімдерін өндірумен және қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорынның өндіріс қуаттылығы жылына 3,6 тоннадан астам сүт өнімдерін шығара алады. 2010 жылдың 2-ші жартыжылдығында іске қосылған кәсіпорын химиялық қоспасыз, табиғи таза өнімдерді өндірумен айналысады. Ішкі нарықтағы сұранысты 100 пайызға қаматамасыз етіп отырған кәсіпорын қазіргі таңда сүт өнімдерін өзге өңірлерде де тұтынушылар назарына кеңінен ұсынуда.
Жолдыбай Базар.
Дерек, сурет: egemen.kz.