ПАВЛОДАР. 7 мамыр. Қалада ЭКСПО - 2017 көрмесіне еріктілер даярлайтын орталық ашылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Орталықтың ашылуына Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мемлекеттік университеттің «Әлеуметтік-волонтерлық орталық» жастар қоғамдық бірлестігі, облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы қолдау көрсетті. ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесінің жоғары дәрежеде өтуіне студенттер, жастар бірлестіктері де белсене араласпақшы.
Оның ашылу салтанатында «Әлеуметтік-волонтерлык орталық» жастар қоғамдық бірлестігі мен университет арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Волонтерларды даярлау орталығының жұмысы туралы бейнеролик көрсетілді. Әлеуметтік-волонтерлық орталық студенттерге оқу курстарын өткізу кестесі жариялады. Енді оқу кестесі бойынша ғажайып көрменің өтуіне қолдау көрсетуші волонтер боламын деген әрбір жастың келуіне есік ашық.
Фарида Бықай.
Дерек: egemen.kz
Сурет: Руфина Торпищева.