• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Наурыз, 2015

Мақсат – ғылыми инновацияны енгізу

270 рет
көрсетілді

Бүгінде елімізде білім беру саласын түбегейлі жаңғырту үдерісі жүруде. Оның жаңа өрісі мен арнасы жоғары технологиялық жүйелер – мультимедиялық ұтқырлық, нано және ғарыштық тұрғыдағы ілім-білімді тереңдете түсуден тамыр тартады. Роботты техникаларды енгізу мен болашақ энергиясын өндіру жөніндегі XXI ғасыр талаптары да осы қатарда тұр. Әрине, бұл үшін, ең алдымен, білікті де білімді мамандар әзірлеу қажеттігі туындайды. Осы орайда еліміздің жоға­ры техникалық мектептеріне жүктелген жауапкершілік жо­ғары. Яғни, оның түлектері жоғарыда аталған кең ауқым­ды бағдарламалардың байы­бына бара алмаса, бәсеке­ге қабілеттілік туралы сөз қоз­ғаудың өзі артық. Бұл мәселені Еуразиялық экономикалық кеңістік шеңберінде де ұтымды шешуге болатындығын Каз­ИИТУ ғылым-білім кешені ұйыт­қы болып жүрген интегра­циялық бастамалардан байқай аламыз. Аталған кешен базасында Еуразиялық экономикалық кеңістік шеңберіндегі мәсе­лелер биылғы жылы шоқтығы биік нақты іс-шаралар тұрғы­сынан көрініс таба бастады. Мысалы, мұнда биылғы жы­лы «Ғылым. Білім. Тәжірибе» тақы­рыбында Қазақстан мен Ресейдің іргелі және қолдан­балы ғылымының белді өкіл­дері бас қосып, көрші мемле­кеттердегі білім беру саласын жаңғырту мәселелерін ғылыми тұрғыдан саралап берді. Әсіресе, ғылым мен білімге инновацияны енгізудің өзекті жайттары жөнінде тың, соны ой-пікірлер айтылды. Қалай дегенде де, инте­гра­циялық байланыстарды байыту мақсатын көздейтін бас­қосулардың мәні зор демекпіз. Әсіресе, әлемде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық тұ­рақсыздық жағдайында оның рөлі мен тигізер ықпалы жоғары болмақ. Мұндай сыни кезеңде елдер арасындағы қарым-қатынасты нығайту, сонымен бірге, шекара мен ұлттық қауіпсіздікке қажетті факторларды жасақтай білудің де орны бөлек. – Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттері жоға­ры оқу орындары мен ғылыми мекемелер арасын­дағы интеграциялық үрдіс­терді оң жолға қою осындай игі мақсаттан бастау ала­ды. Ресейлік ғалымдар акаде­миялық оралымдылық шең­берінде біздің кешеннің магистранттары мен студенттері үшін дәрістер оқыды, – деді осы мақаланы газетке әзірлеу барысында КазИИТУ ғылым-білім кешенінің президенті, техника ғылымдарының кандидаты Ақсерік Әйтімов. Түйіп айтқанда, Орал қаласында дәстүрге айналған интеграциялық басқосулар қолдауға да, құптауға да әбден тұрарлықтай оң бастама деп санаймыз. Бұл үрдіс өңірдегі ғылым мен білім саласын одан әрі өркендетуге өз үлесін қосатынына сенім мол. Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан». ОРАЛ. Суретте: интеграциялық басқосудан көрініс.