• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
03 Шілде, 2010

ГҮЛДЕНСЕ АУЫЛ – ГҮЛДЕНЕМІЗ БӘРІМІЗ

803 рет
көрсетілді

Бұрынғы Жаңасемей ауданы­на қарасты Знаменка ауылы бү­гінде Семей қаласының құрамын­да. Шамның жарығы түбіне түспейді демекші, күні кешеге дейін бұл ауылдың жадап-жүдеп келгені өтірік емес. Әйтеуір, абырой болғанда ауыл тізгіні Мел­лат Дүйсенбаев сынды өмір көрген іскер басшының қолына тиген соң мұндағы жағдай бір­тіндеп оңала бастаған. Ауыл тұрғындары  есеп беру жиынында қала әкімінің алдына Знаменка елді мекенінде респуб­ликалық телеарналардың көр­се­тілуіне, дәрігерлік амбулатория жанынан күндізгі стационардың ашылуына және амбулаторияны “Жедел жәрдем” көлігімен қамта­масыз етуге өтініш жасаса, бүгінгі күні соның бәрі дұрыс шешімін тауыпты. Мұнда биылғы жылы сондай игі жаңалықтар заңды түрде жал­ғасын тауып жатқаны сүйсінтеді. Айталық,  жыл басынан ауыл клу­бы жұмыс істей бастапты. Онда домбыра, би үйірмесі, қуыршақ театры жұмыс істеп тұрған көрінеді. Мұның сыртында клуб түрлі мәдени шараларды да көптеп өткізуге мұрындық болып келеді дейді ауыл әкімі. Клуб басшысы Ардақ Өмірзақовтың тек мәдени шаралармен шектел­мей, биылғы жылы клуб ішінен балалардың жазғы демалыс ла­герін ашуы да құптарлық іс деп білеміз. Балалар демекші, ауыл әкімі­нің бастамасымен жуырда аталып өтілген Балаларды қорғаудың халықаралық күні мерекесінде ауылда “Балалар бағы” ашылып­ты. Бақта түрлі ойын қондыр­ғы­лары көптеп орнатылып, жас ұр­пақтың мұнда алаңсыз демалуына қолайлы жағдай жасалған. Енді мұнда субұрқаққа дейін жұмыс істе­мек. Осы орайда әкімнің жер­гілікті кәсіпкерлерге алғысы шексіз. Шындығында бұл білім орда­сының тек білім беру ісімен шектелмей, ауылдың әлеуметтік мәселелерінің шешіміне зор бел­сенділікпен қатысып келе жат­қа­нын жергілікті тұрғындардан да естіп, білдік. Мәселен, ауыл кітапханасы да, балалардың шағын бақшасы да осында орын тепкен. Мектепте ауыл мұра­жайы­ның да жұмыс істей бас­та­ғанына көп болмапты. Солай бола тұрғанмен, ондағы жәді­гер­лер мен ауыл, мектеп тарихынан сыр шертетін деректер жеткілікті. Соның бірін ғана айтсақ, Жеңістің биылғы 65 жылдығына орай осы өңірден майданға аттанған боздақтар туралы құнды құжаттар мен сирек суреттер де осында жинақталған. Әлеуметтік жағынан гүлдене тү­сіп келе жатқан Знаменка ауы­лының экономикалық жағынан да сауығып, берекелі өңірге айналатындығына еш күмән жоқ. Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ. Шығыс Қазақстан облысы.