• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Тамыз, 2025

Атырау облысында жыл басынан бері 7 бала терезеден құлаған

Атырау облысында көпқабатты үйлердегі 286 пәтердің терезесіне толық ашылуды шектейтін арнайы тетік орнатылған, деп жазады Egemen.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Думан Үмбеттің мәлім етуінше, 3-9 жастағы балаларға терезеден құлау қаупі жиі төнеді.

«Биыл жыл басынан бері жеті бала көпқабатты үйдің терезеінен құлады. Ата-аналары зардап шеккен 3-9 жастағы балаларды пәтерінде қараусыз қалдырып кеткен. Пәтердегі терезеге таяу тұсқа жиһаз қойылған. Ал терезені москитті торға сеніп, ашық қалдырғаны анықталды. Бұл – ата-аналар тарапынан болған салғырттықтың салдары», дейді Думан Үмбет.

Соңғы жаңалықтар