АСТАНА. 8 мамыр. Үндістан соты Болливуд жұлдызы Салман Ханды 2002 жылы үйсіз жүргіншіні жолда қағып кетіп, өлтіріп қойғаны үшін бес жылға соттап, түрмеге жөнелтті. Бұл туралы 24UZ хабарлады.
Хабарланғандай, қаза тапқан азамат әртістің басып кеткен 5 адамының бірі болған. Кейін рульде отырған Салман Ханға бұл өлімді қасақана жасады деген айып тағылған. Ал актер жол-көлік оқиғасына өзі емес, жанында отырған жүргізушісі кінәлі деп баққанымен, судья оны қабыл алмады. Ол Ханның сол кезде мас болғанын, сол үшін полициядан қашқанын дәлелдеп шықты.
Болливуд жұлдызының адвокаттары сот шешіміне наразылық білдірмекші. Ал байқаушылар актерге осыншалықты қатаң жаза қолданылып жатқанын оның бұған дейін де көптеген жанжалға қатысы болғанымен түсіндіріп отыр.
Мұрат Айтқожа.
Дерек, сурет: 24UZ.