• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Наурыз, 2015

Ресей азаматшасы чемоданға тығылып Еуропаға қашқысы келген

292 рет
көрсетілді

АСТАНА. 20 наурыз. Осы күндері елдегі экономикалық және қаржылық дағдарыстың қиындап бара жатқанын сезген ресейліктер тұрмыс деңгейі жақсы елдерге кетуді жан-жақты ойластырып жатыр. Мәселен, жақында ресейлік бір азаматша чемоданға тығылып, елден қашқысы келген. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Польшалық «Wiadomosi» газетінің хабарлауынша, әйел Мәскеу – Ницца бағытындағы пойызда Беларусь Республикасынан өтіп, Польша шекарасына келгенде  ұсталған. Тересполь отрядының шекарашылары пойызды тексерген кезде үлкен чемоданды ашып қараса ішінен орта жастағы әйелдің жатқанын көреді. Ал чемодан Франция азаматынікі болып шығады. Ол өзі әйелдің күйеуі екен. Кейін шекарашылар әйелдің не үшін чемоданға жасырынғанын сұрағанда ол: «Маған осы кезге дейін Шенген визасын алуға рұқсат бермеді. Сондықтан осындай жолмен Еуропаға баруды ойладым», депті. Дастан Кенжалин. Дерек: egemen.kz Сурет: egemen.kz